Доллар бағамы төмендеп барады

Теңге бағамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 11:46 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-де доллардың орташа бағамы 431,46 теңге болып, тағы 0,79 теңгеге төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 434,5-435,8 теңгеден, еуроны 491,5 – 494 теңгеден, ресей рублін 5,92-5,98 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, 27 желтоқсандағы мұнайдың әлемдік бағасы сауда түріне байланысты құбылып тұр.

Ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,87%-ға төмендеп, бір баррельге 73,15 АҚШ долларын құрады.

Ақпан айында келуі тиіс Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 0,20% -ға, яғни 75,94 долларға дейін өсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: