Есеп комитеті 2021 жыл бойында 1,7 млрд теңгенің бұзушылығын анықтады
Сурет: pixabay
Есеп комитетінде 2021 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды. Кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырған тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Комитеттің мәліметінше, өткен жылы 155 нысанда 32 трлн теңгеге аудит жүргізілді.
Есеп комитеті 1,7 трлн теңгеге қатысты бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар – 399 млрд теңге
тиімсіз жоспарлау – 255 млрд теңге
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері – 1 трлн теңгеден астам
Мемлекеттік бюджеттің 29,1 млрд теңгесі қалпына келтірілді (өтелді).
Үкімет пен мемлекеттік органдарға 81 ұсыным мен 511 тапсырма берілді.
Тәртіптік жауапкершілікке 199 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 34 жоғары буындағы басшысы да бар. 75 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 56 аудит материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript