Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл қорытындысы: 2021 жылы жүзеге асқан әлеуметтік бастамалар

Әлеуметтік бағдарламалар, Президент, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 15:40 Сурет: Zakon.kz
Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы жүзеге асқан әлеуметтік бастамалары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz

"Биыл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірнеше бастама қолға алынды. Азаматтардың түрлі санаты оның оң әсерін сезінді. Мемлекет басшысы бұл бастамалардың басым көпшілігін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы аясында ұсынған болатын," – деп жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

  • Зейнетақы қорындағы жинақтың «жеткілікті шектен» асқан бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану механизмі енгізілді. Жарты миллионнан астам адам өз салымының бір бөлігін тұрғын-үй жағдайын жақсартуға жұмсады.

  • Мемлекеттік білім гранты қабылдау квотасы бойынша әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтардың үш санатына алғаш рет берілді. Соның нәтижесінде, көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасынан шыққан 5 мың түлек білім грантына ие болды.

  • Ерекше күтімді қажет ететін балаларды оқыту үшін жан басына шағып қаржыландыру нормативі екі есе артты.

  • Мектеп оқушылары шығармашылық және спорт үйірмелеріне тегін баруға мүмкіндік алды. Бұған тиісті мемлекеттік тапсырысты жан басына шағып қаржыландыру арқылы қол жеткізілді.

  • «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы қабылданып, ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлінетін болды.

  • Еліміздің алты өңірінде мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық жобасы табысты жүзеге асты. 2021 жылғы желтоқсан айында осы жұмыс бүкіл еліміз бойынша атқарыла бастады.

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың «босағадан босағаға дейін» қағидаты бойынша еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, азаматтар жиі баратын нысандар картасы әзірленді. Бұл нысандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді болу үшін оған ұдайы мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік бақылау жасалады.

  • 2021 жылғы қаңтардан бастап педагогтардың еңбек ақысы 25 пайызға көбейді.

  • Президент қыркүйек айында жариялаған Жолдауында мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылар мен кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылар мен көлік жүргізушілерінің жалақысын көбейтуді тапсырды. Олардың еңбек ақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орташа алғанда 20 пайызға артады.

  • 2022 жылдан бастап жалақының ең төмен мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге, яғни 40 пайызға өседі. Бұл шара жұмыс істеп жүрген барша азаматтарды қамтиды.

  • Полицияның және құқыққорғау органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің тұрғындармен жұмыс істеуге арналған барлық қызметтік бөлмелері бейнебақылау жүйесімен жабдықталды. Бұл – олардың қызметі ашық болуы үшін жасалған маңызды шара.

Сондай-ақ, Ерлан Қарин Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысатын арнаулы құрылым қайта құрылып, оның штаты ұлғайғандығын атап өтті.

Мұның бәрі – азаматтардың тұрмыс сапасын бірте-бірте арттыруға бағытталған өзгерістердің бір бөлігі. Президент әлеуметтік маңызы бар мәселелерге баса назар аударады, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдайды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың ғана емес, бүкіл мемлекеттік саясаттың өзегін құрайды.Ерлан Қарин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: