Қазақстан жанармай бағасы бойынша 9-орында
Арзан жанармай бойынша алғашқы үштікке Иран мен Ангола да кірді.
ТМД елдері арасында ең арзан бензин Түрікменстанда, литрі 184,8 теңге тұрады. Одан кейінгі орында Қазақстан.
Салыстыру үшін: Әзірбайжанда бір литр бензин 253,2 теңге, Ресейде 295,8 теңге, Өзбекстанда 393,3 теңге, Украинада 518,4 теңге, Молдовада 563,1 теңге тұрады.
Сонымен қатар бір жылда Қазақстанда бензин бағасы айтарлықтай өсті, яғни бірден 19,4%-ға қымбаттады. Батыс Қазақстан облысында бағаның өсуі жылына 21,8%, Түркістан облысында 21,4%, Жамбыл облысында 21,3% құрады. Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді. Дегенмен ол өте әсерлі –16%.
2022 жылдың қаңтарында АИ/92 бензинінің литрі ел бойынша орта есеппен 179 теңгеден, АИ 95/96 210 теңгеден, АИ/98 231 теңгеден сатылды.
Energyprom.kz зерттеуінше, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 4,8 млн тонна бензин өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7,1%-ға артық.
Өңірлік тұрғыда ең үлкен көлем Павлодар (1,5 млн. тонна) және Атырау (1,4 млн тонна) облыстарында.
Анықтама үшін: 2020 жылы елде 4,5 млн тонна бензин өндірілді. Бұл жылына минус 1,1%.
Айта кетейік, 2020 жылғы пандемия жағдайын қоспағанда бұл сектордағы өндіріс бағасы 2016 жылдан бері тұрақты өсіп отырды.