Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Қысқы олимпидаға қанша қаржы жұмсады

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, қаржы, мемлекеттік бюджет, Бейжің олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 17:34 Сурет: olympic.kz
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті жақында Бейжіңде өткен Қысқы олимпиада ойындарына Қазақстанның қанша қаржы жұмсағаны туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олимпиада ойындарына тікелей қатысу шығыны 248 млн теңге болды, оның 107 млн теңгесі чартер ұсынғаны үшін «Эйр Астана» компаниясына төленді. Ұлттық құрамалардың Олимпиадаға тікелей дайындығына 789 млн теңге жұмсалды.Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 

Оның айтуынша, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға 234 спортшы мен жаттықтырушы қатысты. Бір қатысушыға орташа алғанда 15 млн теңге жұмсалған.

Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков сонымен қатар өткен жылы жекелеген спорт түрлеріне қанша қаржы бөлінгенін айтты. Сонымен 2021 жылы биатлонға 384 млн теңге, тау шаңғысы спортына 100 млн теңге, конькимен жүгіру спортына 400 млн теңге, шаңғы жарысына 363 млн теңге, керлингке 200 млн теңге, шаңғымен трамплиннен секіруге 198 млн теңге, сноубордқа 14 млн теңге, мәнерлеп сырғанауға 143 млн теңге, фристайл-могулға 562 млн теңге, фристайл-акробатикаға 319 млн теңге, шайбалы хоккейге 259 млн теңге, шорт-трекке 392 млн теңге жұмсалған. Барлығы 3,5 млрд теңге қаржы кеткен.

Бұған дейін Олимпидаға қатысқан ойыншыларға қанша сыйақы төленетінін жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: