Ұлттық банк демалыс күндеріне доллардың ресми бағамын бекітті

доллар бағамы, доллар, рубль, юань, ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 17:51 Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық банк 26-28 күндерге арналған доллардың ресми бағамын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

26-28 ақпанда доллар бағамы 467,09 теңге болады.

Доллардың бұл бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудада бекітілді.

Ал сағат 17:00-дегі қорытынды саудада доллар бағамы аздап төмендеп, 466,66 теңге (+0,65) болды.

Еске салсақ, таңғы саудада доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда бірден 6,23 теңгеге көтеріліп, 472,24 теңгеге жеткен еді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459-463 теңгеге, еуро 515-522 теңгеге, рубль 5,5-5,9 теңге сатып алынып/сатылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: