Доллар бағамы тағы көтерілді

Доллар бағамы, мұнай, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 11:29 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 0,33 теңгеге көтеріліп, 510,25 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублімен, еуромен сауда болған жоқ. Ұлттық банк рубль бағамын 4,29 теңге, еуроны 562,87 теңге деп бекітті. Ал кешегі саудада қытай юанінің бағамы 80,61 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 514-519 теңгеге, еуро 597-604 теңгеге, рубль – 4,1-5,3 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 11 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 0,43%-ға өсіп, 106,48 долларға жетті.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 1,12%-ға өсіп, барреліне 109,46 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: