Доллар бағамы тағы да көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,56 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 66,91 теңгені (+0,61) құрады.
Кешегі сауданың нәтижесінде ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңге, еуроның орташа бағамы 470,53 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448-453 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 472-478 теңгеге өсті. Ал рубль – 7,1-7,5 теңгені құрды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript