Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк қаражатты алтын құймаларын пайдалана отырып, сақтауды ұсынады

алтын, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 18:31 Сурет: Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, алтын мен күміске салынған қаржы инвестицияны инфляция мен валюталық тәуекелден сақтап қана қоймайды, сонымен қатар бәсекеге қабілетті кірісті де қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) жинақты тартымды әрі сенімді инвестициялық құралдар – ҚҰБ-тың алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарын және тазартылған алтын құймаларын пайдалана отырып, сақтауды ұсынады.

Алтын мен күміске салынған қаржы инвестицияны инфляция мен валюталық тәуекелден сақтап қана қоймайды, сонымен қатар бәсекеге қабілетті кірісті де қамтамасыз ете алады. Алтын мен күміс құнының теңгедегі динамикасынан көрініп тұрғандай, ҚҰБ-тың өлшемелі алтын құймалары мен инвестициялық монеталарына инвестиция салу – ұзақ мерзімді перспективада жоғары табысты көрсетеді. 2000 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта алтын бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 18% болса, күміс бағасы үшін бұл көрсеткіш – 15,1%, – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ұлттық банктің инвестициялық құралдарындағы артықшылықтардың бірі – оның нарықтағы өтімділігі. Ол өлшемелі құймалар мен инвестициялық монеталарды кері сатып алуға өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Егер алтын құймалар зақымданбаған тұтас қаптамамен кері сатып алуға өткізілсе, алтын құйманың иесі олар үшін өткізген күні төлем алады. ҚҰБ-тың өлшемелі құймалары мен инвестициялық монеталары сату бойынша алынатын қосылған құн салығынан босатылған. Бұл да сатып алушыларға үлкен артықшылық береді.

Сонымен қатар жақын арада ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы инвестициялық монеталарға алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туады. Ондай жағдайда сатып алушылар өзіне ыңғайлы уақытта монеталарды алып кете алатын ҚҰБ филиалын таңдай алады. Таңдалған филиалда монеталар болмаса, олар филиалға ҚҰБ есебінен жеткізіледі. Монеталарды дайындау мен логистиканы ескергенде жеткізудің орташа уақыты 4-6 аптаны құрайды.

Монеталар филиалға келіп түскеннен кейін сатып алушылар ҚҰБ филиалына бару күні мен уақытын белгілеу туралы хабарлама алады. Алдын ала тапсырыс беру кезінде монеталар үшін төлем жүргізілмейді. Монеталардың құны ҚҰБ филиалында сатып алынған күндегі бағалы металдың теңгедегі құнына байланысты анықталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: