Доллардың орташа бағамы 471,13 теңге болды
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,10 теңгеге қымбаттап, 471,13 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кешегі саудада рубльдің орташа сараланған бағамы 5,50 теңге, юань бағамы 73,35 теңге болды.
Соңғы күндері еуромен сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк бағамды 517,98 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 435-436,5 теңгеге, еуро 495-498 теңгеге, рубль 5,85-5,95 теңге сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,62%-ға төмендеп, барреліне 99,66 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне 104,38 доллардан саудаланып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript