Доллар 506,31 теңге болды

Доллар, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 12:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,69 теңгеге төмендеп, 506,31 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешегі кешкі саудада еуроның орташа сараланған бағамы – 561,60 теңге, ресей рублі – 4,7 теңге болды, сауда көлемі 537,6 миллион рубльге жетті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 79,85 теңге (-0,51) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 507,5 – 515 теңгеге, еуро 565 – 572 теңгеге, рубль 4,7 – 5,5 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал мұнай бағасы әлемдік саудада көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 1,48%-ға өсіп, барреліне 96,45 долларға жетті.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 1,64%-ға өсіп, барреліне 99,63 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: