Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан банктерінде Ресей азаматтарына жаппай шоттар ашылып жатқаны рас па

Ресей, Қазақстан, шот ашу, шот, банк, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 13:13 Сурет: Zakon.kz
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссия азаматтарына жаппай шоттар ашылып жатыр-мыс деген мәліметтер мен материалдардың жариялануына байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан мәлімет бойынша, 2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған.

Оның ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған.

Нәтижесінде, көрсетілген мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттік Ресей азаматтары ашқан жаңа шоттар аздап өскенін атап өтті.

Ресей Федерациясының резидент – заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Ағымдағы жылғы ақпанның соңынан бері банк шоттары 7 Ресей компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта барлық шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң (КЖТҚҚ) нормаларымен, сондай-ақ Ұлттық банк пен Агенттіктің реттеушілік талаптарымен реттелген.

Осылайша, Ұлттық Банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы №207 қағидаларының талаптарына сәйкес шотты ашу офлайн режимде де, электрондық өтініш арқылы онлайн да жүргізілуі мүмкін.

Банк шотын ашқанға дейін жүгіну тәсіліне қарамастан, банктер шетелдік өтініш берушіге КЖТҚҚ туралы заңда белгіленген KYC (Know Your Customer) стандарттары бойынша тиісінше тексеру жүргізуге міндетті.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Тиісті тексеру шеңберінде банктер:

  • шетелдік жеке тұлғаны, заңды тұлғаны және оның бенефициарлық меншік иелерін идентификаттауды, оның ішінде алынған идентификаттау деректерінің дұрыстығын тексеруді;

  • іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын белгілеуді жүргізеді.

Бұдан басқа, Агенттіктің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қағидаларында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес комплаенс тәуекелді басқару мақсатында банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізуге міндетті.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Ведомство өкілдері атап өткендей, күшейтілген мониторинг шеңберінде күдікті мәмілелерді анықтау және тәуекелі жоғары транзакцияларға жол бермеу үшін банктер клиенттің ақшасының шығу көздерін және оның контрагентінің заңды мәртебесін, жүргізілетін операцияның шарттары мен экономикалық мәнін қосымша талдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: