Жаңалықтар тізбегі
0

Құрылыс саласында дағдарыс жоқ – министр

құрылыс, тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің құрылыс саласында дағдарыс жоқ. Бізде мұндай жағдайда кей құрылысшылардың дағдарыс бар екенін айтып, қандай да бір идеология құруға деген ұмтылысы бар. Шын мәнінде бізде нақты белгіленген ұстаным бар. Тұрғын үйді алсақ, биыл 15 миллион шаршы метрді салуды жоспарлап отырмыз. Оның бар болғаны 15%-ы мемлекет арқылы салынып жатыр, қалған 85%-ы жеке секторда салынып жатыр. Сондықтан жалпы құрылыс саласына жаһандық оқиғалар әсер етеді деп ойласақ, мұнымыз –қате.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Тұрғын үй бағасына келсек, ИДМ басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны бекітілгенін және оның әр қала мен облыс бойынша белгіленгенін айтты.

Құрылыс саласы біз үшін өте маңызды. Иә, жарты жолда кездесіп: «Мемлекет бағаны көтеріп жатыр. Бірақ бұл баспананы біреу сатып алуы керек» дейміз. Біздің адамдар бұл баспананы сатып алады, бірақ қымбатырақ бағада.Қайырбек Өскенбаев

Министрдің айтуынша, мұндай жағдайда мүдделер тепе-теңдігін сақтап, тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Өйткені баспана қолжетімді болуы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: