Бүгін доллар бағамы 450,17 теңге болды
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге көтеріліп, 450,17 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,67 теңге болды.
Қытай юанінің бағамы 70,92 теңге (+0,26).
Ақша айырбастау орындарында доллар 452-454,5 теңгеге, еуро 488-496 теңгеге, рубль 5,2-5,6 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 13 сәуірдегі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы керісінше төмендеп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,27%-ға төмендеп, барреліне 100,31 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне 104,47 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript