Доллардың орташа бағамы 472,76 теңге болды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 472,76 теңге (-0,05) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 473,66 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы тағы 0,2 теңгеге өсіп, 5,72 теңге болды.
Бұған қоса Ұлттық банк еуро бағамын 522,37 теңге, қытай юанін 74,33 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 469-475 теңгеге, еуро 519-529 теңгеге, рубль – 5,4-5,95 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript