ҚХР-мен шекарадағы кедендік бақылауға қатысты мәселе. МКК түсініктеме берді
Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Мемлекет басшысының кедендік бақылауды, оның ішінде ҚХР-мен шекарада күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топ құрамында сыртқы экономи калық қызметке (СЭҚ) қатысушыларының, сондай-ақ ҚХР-мен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексерулер жүргізді.
Кедендік декларациялардағы, көліктік, бухгалтерлік және өзге де құжаттардағы мәліметтерді тексеру барысында әкелінетін тауарлардың кедендік құнына әсер ететін мәліметтердің сәйкессіздігі анықталды.
ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінен мәліметтер алынды, онда СЭҚ-ға кейбір қатысушылардың шетелдік жеткізушілермен келісімшарттар жасасуы (тауарға ақы төлеудің болмауы) расталмайды, бұл шарт негізінде кедендік құнды айқындау әдісінің күшін жоюға негіз болды (1-әдіс). 3 жыл ішінде бұзушылықтардың жалпы сомасы 165 млрд. теңгені құрады.
Сондай-ақ, Бас прокуратура Комитетке кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және бақылау шаралары бөлігінде талаптар қойды.
Осыған байланысты, Қаржы министрлігі бірқатар міндеттерді көздейтін тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті, олардың негізгілері мыналар болып табылады:
кедендік статистикада алшақтықтары бар басым тауар топтарын айқындау;
тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және субъектіге бағдарланған тәсілді қайта қарау;
кеден саласы маңындағы субъектілерді санаттау;
тауарлардың барлық негізгі топтары бойынша тәуекелдің құндық индикаторларын қалыптастыру және өзектендіру;
өзекті баға ақпаратын жариялау;
бір күндік фирмалардың қызметін шектеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ақпараттық жүйелерді жетілдіру және модификациялау және т.б.
Қазіргі уақытта тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде СЭҚ қатысушыларын санаттау өлшемшарттарын қайта қарау, кеден саласы маңындағы субъектілерге (кедендік тасымалдаушылар, кедендік өкілдер, уақытша сақтау қоймалары) қатысты санаттауды қолдану бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Бұдан басқа, бүгінгі күні тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану және кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау бөлігіндегі процестер автоматтандырылған.
Электрондық декларациялау орталығына қатысты, соңғы уақытқа дейін жекелеген өңірлерде тауарлардың құнын айқындаудың әртүрлі практикасын қолдану проблемасы болғанын, соның нәтижесінде бір тауарға әртүрлі баға саясаты қолданылған болатын. Осы практиканы алып тастау мақсатында ағымдағы жылдың қаңтарында тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару бөлігінде кедендік функцияларды орталықтандыру толығымен аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан «Электрондық декларациялау орталығы» және «Ахуалдық орталық» кіретін департамент құрылды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Бұл барлық техникалық құралдар қосылған өткізу пункттеріндегі жедел жағдайдың мониторингін жүзеге асыруға және кедендік құнды айқындаудың бірыңғай практикасын бақылау және қолдану шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
2021 жылы 17,6 мың тауарларға арналған декларациялар түзетілді, жете тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың тиімділігі 2 есе өсті.
Жалпы, біз бизнеспен диалогқа ашықпыз, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары тарапынан заңсыз әрекеттердің нақты фактілері болған жағдайда, осындай жағдайлар бойынша ақпаратты неғұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін ұсынуды сұраймыз. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі