Қаржы министрлігі 20 миллиард теңгеден астам қаржыны игермеген басқармаларды атады
Сурет: pexels
Ең көп соманы Қаржы министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі игермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,8%-ға, республикалық – 99,4%-ға, жергілікті бюджеттер – 98,5%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша 5,6 триллион теңгеге шығыстар жасалды. Орындалмағаны 31 млрд теңге болса, оның 8 млрд теңгесі үнемдеу болды. 23 млрд теңге игерілмеді. Игерілмеген ең көп сома Мәдениет және спорт министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде және Ішкі істер министрлігінде тіркелді.Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Оның айтуынша, қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері – келісім-шарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың жоқ болуы, қазынашылық органдарына төлем үшін шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, орындалған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы, шот-фактуралар және өтпеген мемлекеттік сатып алу конкурстары.
Ведомствоның мәліметінше, жергілікті бюджет шығысы 2,7 триллион теңге болса, 42 миллиард теңгесі орындалмаған.
Министр биыл өңірлерге 2,6 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер берілгенін еске салды. 1 мамырдағы жағдай бойынша оларға 696 млрд теңге бөлініп, оның 98,3%-ы игерілді.
12 млрд теңге орындалмаған. Оның ішінде 3 млрд теңге үнемделсе, 9 млрд теңге игерілмеген. Ең үлкен игермеу Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облыстарында, сонымен қатар Нұр-Сұлтанда тіркелді. Ерұлан Жамаубаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript