Доллар бағамы 431,88 теңге болды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,33 теңгеге төмендеп, 431,88 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,02 теңгеге арзандап, 7,07 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 64,98 теңгеге (+0,21) жетті.
Еуроның орташа бағамы 463 теңге болып бекітілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 431-436 теңге, еуро 460-468 теңге, ресей рубль 6,3-6,7 теңге аралығында сатылып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript