Доллар тағы 4,5 теңгеге қымбаттады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,55 теңгеге көтеріліп, 446,87 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 66,72 теңгеге (+1,06) жетті.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге (+0,12) дейін көтерілді.
Еуроның орташа сараланған бағамы 462,67 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеге, еуро 465-474 теңгеге, рубль – 7,1-7,4 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript