28 қыркүйектегі саудада доллар сәл қымбаттады

Доллар, теңге, еуро, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 16:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,48 теңгеге көтеріліп, 479,39 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,18 теңгеге (-0,04) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 66,31 теңге (-0,51) болды.

Еуроның орташа бағамы 456,95 теңге деп белгіленді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478-482 теңге, еуро 456-463 теңге, рубль 7,3-7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

28 қыркүйектегі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің құны 2,43%-ға өсіп, барреліне 84,87 АҚШ доллары болды.

Қараша айындағы WTI мұнайының фьючерстері 2,33%-ға өсіп, барреліне 78,50 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: