Доллар 5 теңгедей қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 4,87 теңгеге өсіп, 469,26 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 1,65 тармаққа өсіп, 70,73 теңгеге жетті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 465-470 теңгеден, еуро 482-489 теңгеден, ресей рублі 7,25-7,8 теңгеден саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 464,16 (-2,28), еуроға шаққандағы бағамы 484,68 (-3,03), рубльге шаққандағы бағамы 8,42 (-0,14) болып тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript