Сауда-саттықта доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,76 теңгеге төмендеп, 475,79 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге сәл көтеріліп, 7,90 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 70,20 теңге (-0,63) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеге, еуро 486-491 теңгеге, рубль 7,4-7,8 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 2 тамыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,81%-ға арзандап, барреліне 99,22 доллар болды.
WTI қыркүйектегі фьючерстері 0,76%-ға арзандап, 93,18 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript