Жаңалықтар тізбегі
0

«Квику» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Микроқаржы ұйымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 20:01 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику»  микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес мыналар негіз болды:

  • қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;

  • «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру.

МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде есептеу тәртіптерін және қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін сақтамауынан, сондай-ақ қарыз алушылардан «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де төлемдерді алудан көрінетін бұзушылықтарға жол берген. ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі

Агенттіктегілер жіберілген бұзушылықтар қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген МҚҰ тарапынан жүйелі түрде асыра пайдаланулар орын алғанын көрсететінін баса айтты.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік  отыз күн ішінде өзінің атауынан  аталған заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, одан туындайтын сөздерді немесе  аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін өткізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс. ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі

МҚҰ-ны лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады. ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: