Жаңалықтар тізбегі
0

"Ломбард Ак Барыс" микроқаржылық ұйымы лицензиясынан айырылды

Лицензиядан айыру, Алматы, Ломбард Ак Барыс, микроқаржылық ұйым, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 09:27 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ломбард Ак Барыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 19.11.2024 жылғы № 112 бұйрығына сәйкес "Ломбард Ак Барыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды", делінген ҚНРДА хабарламасында.

Лицензиядан айыру үшін "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2-тармақшаларына сәйкес мыналар негіз болды:

  • қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
  • -уәкілетті органның жазбаша нұсқауларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау.
"Ломбард лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды". ҚНРДА баспасөз қызметі

Бұған дейін заңсыз активтерден түскен қаражаттың 28 млрд теңгесі Риддердегі аурухана құрылысына жұмсалғалы жатқанын жазған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: