Саудада доллар тағы сәл арзандады

Теңге, доллар, рубль, юань, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 16:16 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге төмендеп, 477,67 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,96 теңгеге (+0,11) дейін көтерілді.

Ресей рублі мен еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475-479 теңге, еуро 492-498 теңге, ресей рублі 7,3-7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 11 тамыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 0,38%-ға арзандап, барреліне 97,03 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,39%-ға арзандап, барреліне 91,57 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: