Шілдеде теңге 1,5% әлсіреді
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бір айда теңге-доллар валюта жұбындағы операциялардың жалпы көлемі 10,2 млрд доллар болды. Оның ішінде Қазақстан қор биржасында биржалық сауда-саттық көлемі – 2,4 млрд доллар, шетел валютасымен жасалған операциялар көлемі – 7,9 млрд доллар.
Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 84,3% немесе 6,6 млрд доллар болды (2022 жылғы маусымда – 81,8% немесе 8,2 млрд доллар), бұл валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты. Бұл операциялар банк тобы шеңберінде жүзеге асырылады және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арақатынасына әсер етпейді, - деп атап өтті Ұлттық банк.
Шілдеде қазақстандықтар нетто негізінде 125,4 млрд теңге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 37,1% (91,5 млрд теңге), 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (266,2 млрд теңге) өсті, таза сатып алу көлемі 2,1 есеге азайды.
Негізгі көлем доллар сатып алуға бағытталды – 65,5% немесе 82,2 млрд теңге, ресей рублі – 5,3%, немесе 6,7 млрд теңге, еуро – 28,9%, немесе 36,2 млрд теңге.
Ұлттық банкте атап өтілгендей, қазақстандықтардың долларды сатып алуға жұмсаған шығыстары бір айда 1,9 есеге (ж/ж. 2 есеге азайған), ресей рублін сатып алуға 2,2 есеге (9,9 есеге азайған) және еуроны сатып алу бойынша 8%-ға (өсім 12,3%) өсті.