Доллар бағамының өсуі байқалды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,40 теңгеге қымбаттап, 473,45 теңгені құрағанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,83 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,39 теңге (+0,10) деңгейінде тоқтады.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 478,83 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474-478 теңге, еуро 477-483 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 13 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,32% төмендеп, барреліне 93,7 доллар болды.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қазан айындағы бағасы 0,23% арзандап, барреліне 87,58 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript