30 мамырдағы саудада доллар тағы қымбаттады

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 16:12 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,83 теңгеге қымбаттап, 444,79 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп 61,19 теңгені (+0,30) құрады.

Ұлттық банк Еуро бағамын 480,32 теңге, рубль – 4,94 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.

Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,25%-ға төмендеп, барреліне 83,2 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,2%-ға төмендеп, барреліне 79,06 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: