17 мамырдағы саудада доллар тағы қымбаттады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 16:09 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,42 теңгеге қымбаттап, 443,44 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 61,31 теңгені (+0,17) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 480 теңге, рубльді 4,86 ​​теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,95 теңгеге сатылуда.

Ал 17 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,34%-ға өсіп, барреліне $83,55 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,19%-ға өсіп, барреліне 79,38 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: