Доллар тағы қымбаттады
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,80 теңгеге (-0,07) түсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,84 теңгеге (+0,40) жетті.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 486,73 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 479-483 теңге, еуро 491-499 теңге, ресей рублі 7,2-7,65 теңге аралығында сатылуда.
Ал 1 тамыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 1%-ға арзандап, барреліне $102,93 құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,37%-ға арзандап, барреліне 97,27 долларды құрады.