Доллар тағы екі теңгеге қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2 теңгеге көтеріліп, 483,88 теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап көтеріліп, 71,29 теңгеге (+0,01) тоқтады.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 8,40 теңгені (-0,32) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 483-487 теңге, еуро 492-499 теңге, ресей рублі 7,5-7,9 теңге аралығында сатылуда.
Ал 22 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, эталондық мұнай бағасы 1,21%-ға өсіп, барреліне 105,12 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 97,53 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript