Доллар тағы біраз қымбаттады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 17:11 Сурет: zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,11 теңгеге көтеріліп, 476,18 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,85 теңгеге (-0,05) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,52 теңгеге (+0,01) тоқтады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Бағаны Ұлттық банк 485,08 теңге деңгейінде белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-479,5 теңгеден, еуро 484-489 теңгеден, ресей рублі 7,3-7,7 теңгеден сатылуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: