Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейден Қазақстанға ақша аударымы 6 есеге жуық өсті

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 16:51 Сурет: Zakon.kz
Сарапшылар халықаралық Visa және Mastercard жүйеcі Ресейден алынған соң ресейліктер Қазақстанға ақшаны жиі жібере бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ranking.kz хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында ресейліктер Қазақстанға 193,8 млрд теңге аударған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 5,7 есе көп.

Сарапшылардың бағалауынша, шетелден түскен қаржы бойынша алғашқы бестікке мына елдер кіреді:

  • Қырғызстан (40,9 млрд. теңге);

  • АҚШ (26,9 млрд. теңге):

  • Өзбекстан (23,9 млрд. теңге);

  • Оңтүстік Корея (23,7 млрд. теңге).

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында халықаралық ақша аударымдары жүйесі (МТС) арқылы жіберілген қаражат көлемі 582,5 млрд теңге болды.

Елдер контексінде 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан шетелге аударылған трансферттер көлемінің 69%-ы Өзбекстанға (163,6 млрд теңге), Түркияға (136,5 млрд теңге) және Ресейге (101,8 млрд теңге) тиесілі.

Сонымен қатар қомақты қаражат мына елдерге жіберілді:

  • Қырғызстан (58,5 млрд. теңге);

  • Грузия (44,9 млрд. теңге).

2 қыркүйекте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алғаны белгілі болды.

Кейінірек Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова сатып алу себебін атады.

Сонымен қатар "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан Сбербанкқа ребрендинг жүргізілгенін, банк "Береке" атауын алатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: