Апта соңына қарай доллар арзандап, рубль қымбаттады

Доллар, рубль, теңге, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 16:02 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 479,42 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,13 теңгеге дейін көтерілді (+0,25)

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,66 теңге (-0,18) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 474,31 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481-486 теңге, еуро 467-474 теңге, рубль 7,3-7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

23 қыркүйектегі сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне 90,17 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға арзандап, 83,24 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: