23 қаңтардағы саудада доллар сәл арзандап, еуро қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 462,05 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуроның орташа сараланған бағамы 503,65 теңге болды.
Қытай юанімен сауда болған жоқ. Ал Ресей рублімен сауда біткен жоқ. Юань бағамын Ұлттық банк 68,2 теңге, рубльді 6,74 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461-464,5 теңге, еуро 501-506 теңге, ресей рублі 6,4-6,56 теңге аралығында саудаланып жатыр.
23 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,34%-ға арзандап, барреліне 87,33 доллар болды.
Ал NYMEX электронды саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 0,34%-ға өсіп, барреліне 81,36 долларға жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript