9 қаңтардағы саудада доллар сәл арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 15:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 462,49 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,49 теңге (-0,89) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы керісінше көтеріліп, 68,16 теңге (-0,59) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 486,94 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-468 ​​теңге, еуро 494-499 теңге, ресей рублі 6,2-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 9 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,31%-ға қымбаттап, барреліне 79,60 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,40%-ға өсіп, барреліне 74,80 долларға жетті.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: