Жаңалықтар тізбегі
0

26 сәуірдегі саудада доллар арзандады

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:43 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 453,93 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 65,56 теңге (-0,36) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,86 теңге, рубль бағамын 5,59 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 498-503 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында сатылып жатыр.

26 сәуірде мұнай қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,56%-ға өсіп, 81,05 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,67%-ға өсіп, 77,59 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: