7 сәуірдегі саудада доллар арзандады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,11 теңгеге төмендеп, 445,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 487,84 теңге, юань бағамын 65,05 теңге, рубль бағамын 5,54 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңге, еуро 485-491 теңге, ресей рублі 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұнай бағасы ОПЕК+ шешіміне байланысты өсе түсті. Осы аптада Brent маркалы мұнай баррелінің құны ОПЕК+ елдерінің "қара алтын" өндірісін қысқарту туралы хабарламалары аясында 86 доллардан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript