17 сәуірдегі саудада доллар арзандады
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,93 теңгеге төмендеп, 448,41 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,08 теңге (-0,62) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 497,93 теңге, рубль бағамын 5,52 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449-452 теңге, еуро 493-498 теңге, ресей рублі 5,4-5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы сол күйінде қалды. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы 0,03%-ға төмендеп, барреліне 86,28 доллар, WTI-ның маусымдық фьючерстері 0,05%-ға төмендеп, 82,38 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript