Жаңалықтар тізбегі
0

65 мыңнан астам алматылық салық берешегіне байланысты 1 қазаннан кейін банк қызметін ала алмайды

теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 11:43 Сурет: Zakon.kz
Биыл 1 қазанында 2021 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталса, 65 мыңнан астам алматылық өз міндеттемелерін әлі орындамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төлеу мерзіміне санаулы күндер қалғанына қарамастан, Алматының 65 215 тұрғыны жалпы сомасы 945 миллион теңге салықты төлемеген. Ең көп төленбеген салық Бостандық ауданының тұрғынына тиесілі. Оның көлемі - 15,5 млн теңге, - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Департамент жеке үйі, пәтері, саяжайы, гаражы және басқа да ғимараттары бар азаматтар салық төлеуі керек екенін еске салды.

Айта кету керек, салық төлеу мерзімі өткеннен кейін, яғни 1 қазаннан кейін мүлік салығын төлемегендер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие алу және тағы басқа. Бұл Салық кодексінде қарастырылған.

Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар салық органдары борышкерлерге, атап айтқанда мүлікті және банк шоттарына тыйым салу, сонымен қатар елден тыс жерлерге шығуды шектеу шараларын қолданатын сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындау үшін салық тапсырмаларын жібереді.

Бұл ретте қарыз сомасының 25%-ға дейінгі сот шығындары ұсталады.

Салықтарды төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер департаменті жақын күндері мүлік салығын төлеуге шақырды.

Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: