Доллар 470,06 теңге болды

Доллар, теңге, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 15:44 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,54 теңгеге төмендеп, 470,06 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 7,93 теңгеге (-0,06) түсті.

Қытай юанімен және еуромен сауда жүргізілген жоқ. Юань бағамын Ұлттық банк 66,45 теңге, еуроны 466,91 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 471-475 теңге, еуро 460-467 теңге, ресей рублі 7,35-7,65 теңге аралығында сатып аланып/сатылып жатыр.

5 қазандағы аукционда сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өзгерді.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,14%-ға арзандап, барреліне 84,46 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгілеулері 0,32%-ға өсіп, барреліне 74,57 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: