Жаңалықтар тізбегі
0

8 маусымдағы саудада доллар арзандай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 16:10 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,71 теңгеге төмендеп, 444,85 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,23 теңге (-0,48) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 477,65 теңге, рубльді 5,49 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 444-448 теңге, еуро – 476,5-481 теңге, ресей рублі – 5,37-5,45 теңге аралығында сатылып/сатып алынып жатыр.

Ал 8 маусымдағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,03 долларға арзандап, 76,92 доллар болды.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light мұнайының бағасы 0,01 долларға арзандап, барреліне 72,52 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: