10 қаңтардағы саудада доллар тағы арзандай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 16:01 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,63 теңгеге төмендеп, 461,84 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,11 теңгеге (-0,05) жетті.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубль бойынша сауда аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 493,52 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463,5-467 теңге, еуро 494-500 теңге, ресей рублі 6,3-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

10 қаңтардағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,29%-ға төмендеп, барреліне 79,42 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында ақпан айындағы WTI фьючерстері 0,21%-ға арзандап, барреліне 74,47 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: