6 қаңтардағы саудада доллар 3 теңгедей арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,53 теңгеге төмендеп, 463,31 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 67,57 теңге (-0,12) болды.
Кешегі саудада Ресей рублінің орташа бағамы 6,48 теңге болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 494,91 теңге, рубльді 6,53 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464-468 теңге, еуро 488-494 теңге, ресей рублі 6,2-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 6 қаңтардағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,03%-ға өсіп, барреліне 79,50 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,07%-ға өсіп, барреліне 74,46 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript