19 қаңтардағы саудада доллар арзандады
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,73 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 68,26 теңге (-0,23) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 504,64 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 462,5-466 теңге, еуро 499-504 теңге, ресей рублі 6,35-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 19 қаңтардағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,35%-ға төмендеп, барреліне 83,83 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,61%-ға арзандап, барреліне 78,2 доллар болды.