2 тамыздағы саудада доллар арзандай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 16:22 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,28 теңгеге төмендеп, 443,66 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 61,75 теңге (-0,35) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 488,39 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443,5-446,5 теңге, еуро – 488-492,5 теңге, ресей рублі – 4,67-4,91 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 2 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,8%-ға өсіп, барреліне 85,59 доллар болды. Сейсенбі күні бұл көрсеткіш 0,6%-ға төмендеп, барреліне 84,91 доллар болған еді.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,85%-ға өсіп, барреліне 82,06 доллар болды. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша олар 0,5%-ға төмендеп, барреліне 81,37 доллар болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: