Жаңалықтар тізбегі
0

Саудада доллар арзандай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 15:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,90 теңгеге төмендеп, 453,64 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,73 теңге болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 503,46 теңге, рубльді 4,97 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 454,3-456,3 теңге, еуро 501,5-504,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

28 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің құны 0,34%-ға төмендеп, барреліне 79,27 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 0,45%-ға төмендеп, барреліне 73,78 доллар болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: