3 сәуірдегі саудада доллар түсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 15:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 446,91 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 61,66 теңгені (+0,03) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 480,83 теңге, рубльді 4,84 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,9-448,7 теңгеге, еуро 481,5-485,5 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.

Ал 3 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,07%-ға арзандап, барреліне $88,86 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,12%-ға төмендеп, барреліне 85,05 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: