Руслан Владимиров "Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Руслан Владимиров, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 11:37 Сурет: "Банк ЦентрКредит" АҚ
ЦентрКредит Банкі "ЕСО Center Bank" АҚ-мен интеграциялық процестің аяқталуына байланысты Басқармада жоспарланған ротацияны аяқтады. "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Руслан Владимиров (бұрын "ЕСО Center Bank" АҚ басқарма төрағасы) тағайындалды.

"Банк ЦентрКредит" АҚ директорлар кеңесі Ғалим Хұсайыновтың басқарма төрағасы қызметінен кеткені туралы хабарлады.

Ғалим Хұсайынов жұмыс барысында қаржы институтының дамуына үлкен үлес қосты. "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесі Ғалим Хусайыновқа еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы жаңа жобаларында табыс тілейді."Банк ЦентрКредит" АҚ баспасөз қызметі

"Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы болып Владимиров Руслан Владимирович тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: