Қазақстан Даму банкінің басшысы Руслан Искаков қызметінен босатылды
Ол банк басшылығынан кетуге өзі ерік білдірген.
26 қазанда "Қазақстан Даму банкі" АҚ-тың бірегей акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдаған Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, делінген "ҚДБ" АҚ баспасөз қызметінің хабарламада.
Руслан Искаков 1980 жылы туған. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы: экономист-менеджер.
2004-2006 жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ Менеджмент департаментінде жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары - "Қазкоммерцбанк" АҚ Тәуекел-менеджмент департаменті жобалық тәуекелдерді талдау басқармасының бастығы.
2010-2011 жылдары - "Ресей Сбербанкі" АҚ ЕБ АФ корпоративтік клиенттер бөлімінің бастығы.
2011-2014 жылдары - "Ресей Сбербанкі" АҚ ЕБ департаменті директорының орынбасары.
2014-2015 жылдары - "ҚазЭкспортГарант "СК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2016-2022 жылдары - "KazakhExport "ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.
2022 жылғы 16 ақпаннан 27 қазанға дейін "ҚДБ" АҚ Басқарма төрағасы болды.